04.11.2019, 20:39

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына барды

Назарбаев облысты ертең де аралауды жоспарлап отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына барды. Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Түркістан - түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Н.Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр", - деп жазды ол.