Малайзиялық Rayani Air әуе компаниясы әлемдік авиация тарихында алғаш рет шариғат нормаларына сәйкес ұшырылымды жүзеге асырды.
Малайзия тұрғындарының басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Елде ресми басқа да діндерге рұқсат етілгеніне қарамастан, ол мемлекеттік болып табылады. Малайзияда неке және мұрагерлік мәселелерін шешетін шариғаттық соттар жұмыс істейді. Зайырлы сот юрисдикциясында бұл қаулы қолданылмайды.
Ұшақ ұшар алдында жолдың сәтті болуы үшін құран оқылады, барлық стюардессалар хиджабпен қызмет көрсетеді. Ал мұсылман еместер «әдепті киінеді». Бұдан басқа, бортта халал ас беріледі.
Мұнда жолаушыларға исламда рұқсат етілмеген алкоголь ішімдіктеріне тыйым бар.
Rayani Air тәжірибесін басқа елдер де қолданбақ: атап айтсақ, шариғат нормалары бойынша ұшырылымды қолға алатынын британдық Firnas Airways компаниясы мәлім етті. Ол мұны 2016 жылға жоспарлауда.
Ресей туризмі Ресейде Таяу шығыстан келетін қонақтар үшін «халал-френдли» туристік бағдарламасын іске қосуға ниеттенуде. Олар асты дін нормаларына сай беріп қана қоймай, ресейлік мейрамханаларда ас мәзірін де араб тілінде жазбақ.