$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстан Сабыр Рахимовтан бас тартты

Өзбекстан басшылығы генерал Сабыр Рахимовтың атын бұл елдің тарихынан өшіруге тырысып жатыр. Жақында Самарқандтағы Рахимов көшесінің атауы өзгертілді.

12news.uz интернет басылымының хабарлауына қарағанда, Самарқан қаласындағы Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рахимов атындағы көшенің аты өзгерген. Көше енді Умаркул Усманов атында болады. Жергілікті халық Усмановты прокуратура қызметкері ретінде таниды. Бұдан бұрын өзбек билігі Ташкент метросындағы генерал Сабыр Рахимовтың есімі берілген станция мен аудан атын өзгерткен еді.

Сабыр Рахимовтың есімі берілген бұдан басқа біраз нысанның, соның ішінде Ферғана облысындағы, Ташкент пен Үргеніштегі көшелердің, Ұлттық университетке қарайтын академиялық лицейдің, Ташкенттегі мектептердің атауы өзгертілді. Алайда Өзбекстан үкіметі даңқты генерал Сабыр Рахимовтың аты тарих беттерінен неге өшіріліп жатқанын әлі түсіндірген емес.

Өзбекстан билігі біраздан бері Кеңес Одағының идеологиялық атауларын иемденіп келген географиялық нысандарды: көшелер, аудандар мен қалаларды жаппай жаңаша атап жатыр. Кейбір сарапшылардың айтуынша, Өзбекстан президенті Ислам Каримов жүргізіп отырған антисоветтік саясаттың әсерінен сол заманда өмір сүрген тарихи тұлғалардың барлығы «идеологиялық қуғынға» ұшыраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары