$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев пен Путиннің келуін күткен омбылықтар жерді жасыл түске бояп тастаған

Ресми түрде мұндай әрекет шөп егудің жаңа әдісімен түсіндіріледі, бірақ аязда тұқымның келесі жылға тамыр алуы екіталай.

Омбыда "Авангард" хоккей академиясындағы жерді жасыл түске бояп тастады, деп хабарлайды Zakon.kz, superomsk.ru-ға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің Омбыға сапарына дайындық толық қарқынмен жүргізілуде. Онда екі елдің басшысы Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының XVI Өңіраралық форумына қатысады.

Мемлекет басшылары қандай нысандарда болатыны әзірге белгісіз. Қонақтарды қабылдаушы тарап жақында "Авангард" хоккей академиясындағы ұзақ мерзімді құрылысты аяқтап, сол күні олар жерді жасыл түспен бояп қойды.

Ресми түрде мұндай әрекет шөп егудің жаңа әдісімен түсіндіріледі, бірақ, аязда тұқымның келесі жылға тамыр алуы екіталай. Бірақ, көзге бұл аумақ көрнекі болып көрінеді екен.

Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы 6-7 қарашада Омбыда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары