$ 498.34  519.72  4.85

«Тегін беруге болар еді»: полигондарда пластиктерді көмуге тыйым салынған

Бүгінде Қазақстан бойынша күніне 15 миллион полиэтилен пакеті қолданылады екен.
фото: www.belta.by
фото: www.belta.by

Қазақстанда полиэтилен пакеттерге бірден тыйым салу мүмкін емес. Бұл туралы Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары Елдос Абақанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүгінгі күні тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу Қазақстандағы үлкен проблемалардың біріне айналып отыр. Оны шешу үшін мемлекет тарапынан нақты шаралар да қолға алынған. Атап айтқанда, еліміздің Экологиялық кодексіне сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап полигондарда пластиктерді көмуге тыйым салынған. Мұнан бөлек, осы жылдың қыркүйек айында біздің қауымдастық, Экология министрлігі және «Атамекен» палатасы арнайы меморандумға қол қойды. Аталған меморандумға сәйкес, 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен полиэтилен пакеттерді сауда нүктелерінде пайдалануға тыйым салынбақ. Сонымен қатар енді сауда нүктелерінде мұндай пакеттер тегін берілмейтін болады», - деді ол пластика қалдықтарын жинау және қайта өңдеу тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы барысында.

 Оның атап өтуінше, полиэтилен пакеттерге балама ыдырайтын биопакеттер шығарып, олардың бағасын теңестірген жөн.

 «Экопакет пен полиэтилен пакеттердің бағасын бірдей қылсақ, экологиялық жауапкершілігі мол азаматтар экопакеттерді қолданатындығына сеніміміз мол. Мемлекет тарапынан қолдау болса, мұндай экопакеттерді сауда нүктелерінде тегін де беруге болар еді. Жалпы, бүгінде Қазақстан бойынша күніне 15 миллион полиэтилен пакеті қолданылады екен. Ал биопакеттердің үлесі тым аз. Күні кеше ғана қағаз пакет шығаратын кәсіпорын басшылығымен кездестім. Олар үлкен бір сауда желісімен келісімге келіп, 1 млн қағаз пакет сату-сатып алу келісімшартын жасасқан екен. Жалпы, бүгінгі күні полиэитлен пакеттерді шығаруға тыйым салу мүмкін емес», - деді Елдар Абақанов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары