$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жұмысшылар су қоймасына құм төккен

Жетісу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қазір құм төгу жұмыс толығымен тоқтатылды.

Жұмысшылар Алматы қаласының «Зеленстрой» аумағындағы су қоймасының бөгетіне құм төккен. Мұндай заңсыз әрекетке барған жер учаскесі иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жетісу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қазір құм төгу жұмыс толығымен тоқтатылды. «Жетісу ауданының әкімдігі экологиялық заңнаманың бұзылуына байланысты арнайы комиссиялық тексеріс жүргізді. Тексеру барысында жасанды резервуар бөгетіне құм төгілгендігі анықталды. Ешкіммен келіспей және ескертпей осындай іс әрекетке барғаны үшін П. есімді азаматқа 20 АЕК (шамамен 50 мың теңге) әкімшілік айыппұл салынды. Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов бұл су көл емес, ағынды және жер асты суларын ағызатын жүйе екенін айтты. 

«Бұл 60 гектарға жуық бос жатқан жер. Мұнда инвестиция тартуға болады. Алайда, жер жекеменшік иелігіне өткен», - деді әкім. 

Аталған учаскедегі жұмыстар су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы мақұлдағанға дейін тоқтатылды. Соңғы шешімді табиғатты қорғау ұйымдары шығарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы