Шымкент қаласының билігі жетім әрі паралимпиада спортшысы Надежда Климованы баспанамен қамтамасыз ететін болды, деп жазады NewTimes.kz.
Ол 4 жасынан бері мектеп-интернатта тәрбиеленіп келген. 27 жастағы Надежда өмірбойғы үшінші кезектегі мүгедектігін алғанда еңсесін түсірмей, өмір сүруді жалғастырған. Спортшы тіпті стол теннисінен паралимпиадалық жарысқа да қатысып үлгерген.
"31 қазанда өзім сияқты көмекке мұқтаж балаға жәрдемші болу үшін жанында тұратын болғанмын. Алайда дәл сол күні ол менің орныма басқасын тапқанын айтты. Барар жерім, юасар тауым қалмады. Далада орындықта отырып жыладым. Сонда бір әйел маған көмектесуге келді. Оның үйінде 2 күн қалып, билікке видеоүндеу жолдадым. 4 жылдан бері пәтер күтіп жүргенімді айттым. Кезек өте жәй жылжитынын жеткіздім. Далада қашанғы қонам. Пәтерді де 35 мыңға жалдау мүмкін емес", - дейді Надежда.
Айта кетейік, ол бұған дейін далада қалғанын айтып, үкіметтен пәтер сұрап, видеоүндеу жолдаған болатын.
"Бүгін Шымкент әкіміне жолығып, пәтердің қашан берілетінін сұрадым. Маған 2020 жылдың соңында пәтер берілетінін хабарлады. Ал оған дейін әкімдік менің пәтерақымды төлейтін болды", - дейді Надежда.
Шымкент әкімі Ерлан Айтахановқа ол жұмыссыздық мәселесін де жеткізіпті.
"Тамыз айының соңында фитнес-клубтағы бармендік жұмысымнан шығып кеткенімді де айттым. Жұмыс табу мен үшін қиын емес. Әкімнің бұл көмегіне ризамын", - деп сөзін тәмәмдады спортшы.