Жеті қат аспанды барып көзімен көріп келген Әбіл Шәріпбекұлы бойында түсініксіз тылсым күш бар екенін айтады. Ол 44 жыл ішінде бірнеше адамды ауруынан айықтырған. Бойында көріпкелділігі бар Әбіл ата билікке жас жігіт келетінін және Қазақстанның қарқынды дамитынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың ұлы, құнды жәдігерлерді жинап, карта құрастырып жүрген Бекбол Нұрмұханбетов өз ютуб-каналында жариялады.
«Жеті атамнан келе жатқан көріпкелдік қасиетім бар. Бұл менде бала жасымнан келе жатыр. Маған келген адамдардың көбінің жолы ашылып, ауруынан сауығып кетіп жатыр. Бірақ, мен «ем жасаймын, бәлен-түген» деп айтпаймын. Алыстан келіп жатады. Түстеріне аян беріп, мен кіреді екенмін. Келгенде таңқалады, «сені түсімізде көріп едік, осында отырсың ғой» деп», – дейді емші ата.
Ақсақалдың айуынша, бойындағы қасиеті – тылсым дүние. Оның түбіне жеткен адам жоқ дейді.
«44 жылдан бері мен осыны тексерумен жәй ғана келе жатқан адаммын. Баласыз адамдар балалы болды. Түсік тастағандары бар арасында. Бұл өте қиын нәрсе екен. Алты ай қойып кеткенмін. Бірақ, қызым талып қалды. Дәрігерлерге апардым, ауруын таба алмадым. Сөйтіп, емшілік қасиетімді қолға алып, адамдарды қабылдай бастағаным сол екен, қызым жазылып кетті», – деді ол.
74 жастағы Әбіл ата кейінгі ұрпағының болашағын ойлайды. Бала-шағасының бірі бұл тылсым дүниеге толы қаиетті меңгеріп алғанын тілейді екен. Айтуынша, ата-бабадан келе жатқан қасиетті өзі әрең ұстап қалған.
«Мен ем жасамаймын. Періштелерді, әруақты шақырып отырамын. Солар келіп ем жасайды. Ал мен болсам, жәй ғана сырттан бақылап, тексеріп қана жүрген адаммын. Бақсылықтың екі түрі бар. Біреуі сол құлақтан естиді. Оны қара бақсы дейді. Шайтандармен сөйлеседі. Ал менікі бөлек. Мен елес көріп отырамын», – дейді Әбіл ата.
Көріпкел әрі емші, балгер ата Қазақстанның болашағы жарқын болатынын айтады. Сөзінше, жас жігіт барлығын өзгертеді екен.
«Бір жас жігіт келеді, содан кейін барлығы өз орнына орнайды. Біздің Қазақстан дамиды. Өте қарқынды дамуы керек», – дейді ол.