Қазақстандық велоспорт федерациясы басшысының орынбасары, "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Бельгиядағы сот кезінде ақталып шықаннан кейін отандастарына мәлімдеме жасады деп хабарлайды ҚВФ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Танымал велошабандоздың сөзінше, ол ұзаққа созылған сот процессінің аяқталғанына қуанышты.
Александрдың пікірінше, соттың шешімі объективті болған. Өзінің және оның командасының болашаққа деген жоспары көп. Оларды іске асыру үшін енді спортшы тынбай жұмыс істейді.
Винокуров Бельгияда өткен сот процессі кезінде өзін қолдап, оның кінәсіз екеніне шүбә келтірмеген барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.
"Қазір тек болашаққа қараймыз", - деп мәлімдеді спoртшы.
Бұл жағдайға қатысты ҚВФ президенті Нұрлан Смағұлов та пікір білдірді. Ол ұйымның осы уақыт бойы үнемі Винокуровты қолдап келгенін және соттың әділ шешім қабылдайтынына сенімді болғанын алға тартты.
Смағұловтың сөзінше, Александр оның орынбасары болып табылады. Федерациядағы қызметі кезінде ол өзіне және өзінің кәсібилігіне күмән келтіретіндей ештеңе істемеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Александр Винокуровтың Бельгияда өткен сот процесi кезінде ақталып шыққаны белгілі болды.
Мемлекет прокуратурасы ресейлік спортшы Александр Колобнев пен қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровты 9 жыл бұрынғы жарыста сөз байласты деп айыптаған.