$ 494.87  520.65  4.91

Картоп пен тосап ұрлаған ШҚО тұрғыны 5 жылға сотталуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 5 қап картоп пен бірнеше банка тосап ұрлағаны үшін 5 жылға сотталуы немесе 3 мың АЕК көлемінде (5 миллион 946 мың теңге) айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл жайында ШҚО ІІД баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Полицияға облыс орталығының 54 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның Потанин көшесінде орналасқан үйінің ұрасына ұрлыққа түсіп, 80 банка тосап пен тұздалған қиярларын, сондай-ақ, алты қап картобын ұрлап кеткен. Келтірілген шығынды жәбірленуші 175 мың теңгеге бағалап отыр.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция ұрының ізіне түсті. Күні кеше Үлбі аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, оның 33 жастағы Өскемен тұрғыны екенін анықтады" делінген ШҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Абырой болғанда, күдікті ұрлаған тағамдарын әлі жеп үлгермепті. Айғақ заттың барлығы түгел тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Ал, ұсталған азамат болса енді 5 жылға қамалуы мүмкін немесе 3 мың АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары