Ақтауда Анастасия Мурашова есімді мүгедек қызды полиция қызметкерлері соққының астына алды деген факті бойынша сот алды тергеу ісі басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Анастасия Мурашоваға «билік өкілдеріне қарсы зорлық жасады», ал полиция қызметкерлеріне «өз қызметін асыра пайдаланды» деген айыптар тағылды», - деп мәлімдеді еліміздің басты транспорттық прокуратурасы.
Сонымен қатар, олардың хабарлауынша қылмыстық істерді тексеруді прокуратура өз мойнына алған көрінеді.
"Тексеріс барысының әділ өтуін қадағалау мақсатында оқиғаға қатысы бар барлық материалдар сараптаудан өтті", - делінген басты транспорттық прокуратураның мәлімдемесінде.
Бұған дейін, мүгедек қыздың анасы Наталья Мурашова полиция қызметкерлеріне қызын шашынан сүйреп, тұншықтырды деген кінә таққан. Сөзінше, мұның барлығы бақылау камераларының жазбасына түсіп қалған. Кейін полиция департаменті Анастасия Мурашова ұсталған кезде мас болғандығын жеткізген.