$ 446.49  475.38  4.79

«Ұлым шок алды»: оқушы жаттығу кезінде қайтыс болды

Екі жедел жәрдем келді, бірақ құтқара алмады.
фото: volgograd.bezformata.com
фото: volgograd.bezformata.com

Алматыда жаттығу кезінде өз құрдастарының көз алдында жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында танымал дәрігер Жібек Жолдасова жазды. Оның ұлы осы оқиғаның куәгері болған екен. Әйелдің айтуынша, оқиға жаттығу кезінде болған.   

«Ұлымның айтуынша, жаттығу кезінде аса бір жүктеме болмаған, жаттығу әрі қарай ойын ойнадық. Ол бала жүрегін ұстап, отырып қалды да жүріп кетті. Екі жедел жәрдем келді, бірақ құтқара алмады. Жасөспірімдердің жасы 13-15-те және олардан денсаулығы туралы анықтаманы бірінші күннен бастап талап етіледі екен. Барлық балада мұндай анықтама бар, біз ұлымыздың жүрегін УЗИ-ге түсіргенбіз. Кенеттен болған өлім, ең ауыры, әсіресе, ата-ана үшін. Кешкі уақытта бапкердің өтініші бойынша, барлығын қайта шақыртып - полицияға куәлік ету үшін шақырылған. Ұлым шок алды - мұның қалай болғанын түсінбей дал? Жанымда жүгіріп, секіріп жүрген еді. Балаларыңыздың денсаулығын бақылаңыздар. Кейде бәрі сіз ойламағандай болып шығады. Жақындарына көңіл айтамын», - деді ол. 

Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы мәліметті растады. Онда баланың жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтып, дәрігерлердің ештеңе істей алмағанын айтты. Баланың неден қайтыс болғаны сот медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары