$ 494.87  520.65  4.91

Путин: Украина және ЕО-мен байланысты дұрыстағымыз келеді

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Еуропа Одағы және Украинамен сауда жанжалын шешуге «күш сала беретінін» мәлімдеді деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

«Мен бұл мәселеге әлі бірнеше рет ораламыз деп ойлаймын. Біз серіктестеріміз - Украина және Еуропа Одағымен сауда қатынасымызды дұрыстағымыз келеді» деген Путин 22 желтоқсанда.

Путин өткен аптада Ресейдің «экономикалық қауіпсіздігі мен мүдделеріне қатысты төтенше жағдай туғанын» айтып, үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украинамен еркін сауда аймағы қызметін тоқтатуды тапсырған.

Украина қаңтардан бастап Еуропа Одағымен еркін сауда-саттыққа көшеді.

22 желтоқсанда Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Шувалов Ресей Украина-Еуропа Одағының сауда келісіміне қатысты «келіссөзге қатысып, ымыраластық жолдарын іздеуге дайын екенін» айтқан.

Ресейдің Украина-Еуропа Одағы арасындағы сауда келісіміне қатысты соңғы келіссөзі 21 желтоқсанда Брюссельде нәтижесіз аяқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары