$ 448.89  477.93  4.76

«Комиссиялар жер астынан бір-ақ шықты»: Түркістандағы салынып жатқан құрылыс қирап жатыр (ВИДЕО)

Кадр сыртындағы куәгердің кім екені белгісіз. Айтуынша, оқиға Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде түсірілген.

Түркістандағы салынып жатқан құрылысты тексеруге барған комиссия көлігі мекемеге кіре берісте төселген брусчаткамен бірге жерге батып қалды. Құрылыс басында түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісіне Олжас Мамыр есімді жігіт жүктеген.

Кадр сыртындағы куәгердің кім екені белгісіз. Айтуынша, оқиға Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде түсірілген.

«Құрылыс жүріп жатыр. Мынау бітіп жатқан мекеме. Комиссиялар келеді де, мына жерге батып қалады. Брусчаткасымен жерге кіріп кеткен ғой. Ұят! Қалай болса солай істеген. Мына ғимарат құлап қалса, таң қалмайсың. Көлікті көтеруге кран кеп тұр. Міне, Астанадан келген комиссиялар жердің астынан бір-ақ шықты», - дейді кадр сыртындағы жігіт. 

Еске сала кетейік, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 4 қараша күні Түркістан облысын аралап, ондағы құрылыс жобаларымен танысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары