$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Омбы қаласына ұшып барды

Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. 

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары