$ 494.87  520.65  4.91

Жақындары Сирияға кеткен қырғыздар Жээнбековтен жылап көмек сұрады

"Олардың еш кінәсі жоқ қой" дейді Шу облысының тұрғыны Луиза Магомаева.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Сирияға кеткен қырғыздардың туыстары Азаттықтың Қырғыз қызметінің студиясына келіп, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтен туыстарын елге әкелуге қол ұшын беруді сұрады.

"Қызымды көрмегеніме төрт жыл алты ай болды. Оның қазір баласы бар. Олардың жағдайы өте қиын. Мен олармен телефон арқылы сөйлесіп тұрамын, қатты жылайды. Қызым 20-да, 17 жасқа толмай жатып, Сирияға кеткен" деді Шу облысының тұрғыны Гуль Шарипова.

Ыстықкөл облысының тұрғыны Шолпон қызының 2014 жылы Сирияға кеткенін, қазір Қырғызстанға қайта алмай отырғанын айтып шағымданған.

"Күнде жылайды. Қайта алмай жатыр. "Мама, бізді алдап кетті" дейді. Енді соңғы үмітіміз сізде. Сіз оларды қайтара аласыз деп сенеміз. Олар палаткада тұрып жатыр, балалар ауырады, ешқандай көмек жоқ, жейтін тамақ жоқ, дәрі-дәрмек туралы айтпай-ақ қояйын" деді президент Сооронбай Жээнбековтен көмек сұраған Шолпон есімді әйел.

"Немерелеріміз жарылыс пен аштықтан басқа ешнәрсе көрген жоқ. Олардың еш кінәсі жоқ қой" дейді Шу облысының тұрғыны Луиза Магомаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сирия