$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбеде мешіттегі садақа жәшігін ұрлаған жат ағым ұстанушы қолға түсті

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК 188-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қандыағаш қаласындағы «Нұртай» мешітіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кеткен күдікті көп ұзамай ұсталды. Күдікті деструктивті діни ағымда жүрген қала тұрғыны болып шықты. Ал жиналған ақша мұқтаж отбасылар мен балаларға арналған болатын. Жәшікте 200 мың теңге болған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК 188-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары