$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде 10 жыл бұрын басталған автозауыт құрылысы әлі аяқталмаған

Қазіргі күні оған 75 миллион теңгеден астам қаражат салыныпты. Алайда, жұмыс бар болғаны 35-40%-ға ғана аяқталып тұр.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

 Өскемендегі толық циклді автозауыт құрылысының аяқталу мерзімі созылып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Аталған өндіріс орны соңғы рет 2019 жылы іске қосылады деп жоспарланған еді. Алайда, биыл да бітетін түрі жоқ. Құрылыс әлі салынып жатыр. Зауыт басшылығының айтуынша, осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын басталған құрылыстың созылуына қаржылық дағдарыс пен ұлттық валютаның құлдырауы кері әсерін тигізген. Елімізде нарықта көлік сатылымы 3,5 есе азайып, өндіріс көлемі 5 есе кеміген кездер болған. Дегенмен, «инвесторлар жобаны сақтап қалуға тырыстық», дейді. Қазіргі күні оған 75 миллион теңгеден астам қаражат салыныпты. Алайда, жұмыс бар болғаны 35-40%-ке ғана аяқталып тұр. Енді тағы 40 миллиард теңгедей қажет. Құрылыстың мерзімінде аяқталуына мемлекет те мүдделі. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Жол картасы-2020» бағдарламасына сай аталған нысанның инфрақұрылымдық желісін тартуға облыстық әкімдіктен 8 миллиард теңге бөлінген.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің баспасөз хатшысы: 

«Толық инфрақұрылым, коммуникацилық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта су, жылу, электр жүйесі тартылған, басқа да жұмыстар жасалып жатыр. Осы зауыт құрылыс аяқталған кезде толық инфрақұрылым, коммуникация дайын болады».

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары