$ 449.58  486.94  4.86

Бішкек орталығында 3 ірі жарылыс болды (ВИДЕО)

Шамамен 13: 38-де алғашқы жарылыстың дауысы естілген, біраз уақыттан кейін екі жарылыс болды.

Шу мен Еркіндік даңғылы қиылысында бірнеше жарылыстың дауысы естілді. Агенттіктің мәліметінше, «Антошка» фаст-фуд желісі өртеніп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарылыс видеосының алғашқы легі желіде тарай бастады. Жалын тез тамақтану желісін жалмап, көршілес кафелерді жағалаған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері де, дәрігерлер де бар.

Шамамен 13: 38-де алғашқы жарылыстың дауысы естілген, біраз уақыттан кейін екі жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына екі өрт сөндіру тобы келгенін хабарлады.

ТЖМ хабарлағандай, сағат 14: 08-де жалын өшірілді. Өртті түпкілікті өшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 8 адам жарақаттанған. Бірақ орталықтың бас дәрігері шамамен 10-12 адамның жарақаттанғанын айтып отыр. 

«Зардап шеккендерге қатысты нақты ақпарат жоқ. Зардап шеккендердің көпшілігі ауруханаға, үшеуі балалар ауруханасына жеткізілді», - деді Искендер Шаяхметов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жарылыс