Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде қалың қар алалас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.