Қанды оқиға 19 желтоқсанға қараған түні Әйтеке би көшесіндегі Ілек аудандық ІІБ ғимаратында орын алған деп жазады "Диапазон" порталы.
"Полицейлердің шақыртуы бойынша келген жедел-жәрдем дәрігерлері ғимаратта жас ер азаматтың мәйітін тапқан. Ол дәрігерлер келгенге дейін-ақ көз жұмған. Марқұм шыны ыдысты сындырып, сонымен өзін бауыздап тастаған" дейді жедел жәрдем дәрігерлер портал тілшілеріне берген сұхбатында.
Қайтыс болған жігіт небәрі 22-де. Бейресми деректер бойынша, ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып, тергеу жүріп жатқан. Қанды оқиғадан 4 күн өтсе де жергілікті полиция қызметкерлері әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.