$ 494.87  520.65  4.91

Бішкектегі жарылыстан 1 адам қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша жарылысқа газ баллондары себеп болуы мүмкін.

Бішкектің қақ ортасында үш мәрте жарылыс болды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 15-і зардап шеккен. 

Арасында балалар да бар, деп жазады 24.kz.

Қазір олардың барлығы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алып жатыр. Жарылыс Чуй мен Эркиндик даңғылдарының қиылысында орналасқан дәмханада болған. Куәгерлердің айтуынша, басында бір жарылыстың дыбысы естілген, сәлден соң тағы екі жарылыс болыпты. Осыдан кейін өрт шығып, көршілес дәмханаларды да жалын шарпыған. Алдын ала болжам бойынша жарылысқа газ баллондары себеп болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары