08.11.2019, 23:35

17 жыл сөйлемеген жігіт анасына 1 сұрақ қойып, таң қалдырды

Фото: Buzzfeednews
Әлемнің түкпір-түкпірінен желі қолданушылары жігітке хат жазып, оған көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп жатыр.

Америкалық әйел Керри Блох пен оның аутизммен ауыратын ұлының оқиғасы көп адамның көңілін босатты, деп жазады Buzzfeednews.

Керри Twitter-ге 21 жастағы ұлының суретін жариялады. Ол көп жылдан бері сөйлемейді, бірақ таяуда тілге келген.

"Аутизммен ауыратын 21 жастағы ұлым сөйлеп үйренбеген. Бүгін ол маған алғашқы сұрағын қойды: "Мен біреуге ұнауым мүмкін бе?", - деп жазды әйел.

Керри оны 40 жасында туған. Төрт жасында Дэвидтің аутизммен ауыратыны анықталды, осы кезден ол сөйлеуді қойған. Кейін баланың иммунитеті нашарлап, ол үйде оқитын болды.

Дэвидтің анасы оның жалғызсырап, достары жоқ екеніне қатты алаңдап жүрген. Бірақ әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар хат жазып, жігітке қолдау көрсетіп, сыйлықтар жіберіп жатыр.

Дереккөз: Aqmeshit zhastary