$ 498.34  519.72  4.85

Солтүстік Қазақстан облысында орманда қыз бен жігіт асылып өлді

Өз-өзіне қол жұмсау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауылы Аққайын ауылындағы орманда 2 адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 жастағы студент қыз бен 23 жастағы Талшық ауылының тұрғыны асылып қалған. 

"Екеуінің денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Туыстарына хат жазып қалдырған. Ер адамға тиесілі ВАЗ-2109 автокөлік болған", - делінген хабарламада.

Өз-өзіне қол жұмсау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары