Солтүстік Қазақстан облысында балық аулауға кеткен екі тұрғынның денесі судан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-құтқару жасағы 7 қараша күні күндізгі 14:40 шамасында Есіл ауданындағы Оседлое елді мекенінен 1 шақырымдай жерде орналасқан тоғаннан екі адамның денесін алып шықты.
53 және 58 жастағы екі ер адам көрші Амангелді ауылының тұрғындары екен. 6 қараша күні үйден балық аулауға шығып кетіп, оралмаған. Мамандардың айтуынша, олар қазаншұңқырдан киімдерімен және жеке құтқару құралдарынсыз табылды.
Биыл суға шомылу маусымында 12 адам суға кетті. Соның жетеуі суға шомылу кезінде қаза тапса, тағы үшеуі балық аулап жүріп ажал құшқан. Сонымен қатар 24 адам құтқарылса, соның 16-сы — бала.