$ 494.87  520.65  4.91

Футболшыларды тонамақ болған адам 10 жылға сотталды

Қылмыскерлер скутермен футболшылардың автокөліктеріне жақындап келіп, пышақпен қорқытпақ болған еді.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Лондондық «Арсенал» клубының футболшылары Месут Өзіл мен Зеад Колашинацқа шабуыл жасағандардың бірі 30 жастағы Эшли Смит 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасап Хабар 24.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың тамыз айында Смит өзінің сыбайласы 26 жастағы Джордан Нортовермен бірге Өзіл мен Колашинацты тонамақ болған. Қылмыскерлер скутермен футболшылардың автокөліктеріне жақындап келіп, пышақпен қорқытпақ болған еді. Месут көліктен шығып, көмек сұрауға сол жердегі ресторанға қарай  жүгірген, ал Зеяд шабуыл жасағандармен төбелесіп, оларды қуып жіберген. Нәтижесінде футболшылар жапа шеккен жоқ. Полиция да көп ұзатпай, қылмыскерлерді құрықтады. 

Нортовердің ісі бүгін, 9 қарашада қаралмақ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#футболшылар