$ 491.7  531.28  5.07

Қызылордада пәтер тонап дәніккен әккі ұры қолға түсті

Күдікті үй иелері болмаған уақытта олардың аулаларынан бағалы заттар мен велосипедті қолды еткен.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қызылорда қаласында бірнеше мәрте пәтер ұрлығын жасаған 34 жастағы азамат қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бір айдың ішінде бірнеше мәрте пәтер тонаған. Бұрын да сотты болған күдікті үй иелері болмаған уақытта олардың аулаларынан бағалы заттар мен велосипедті қолды еткен. Тексеру барысында күдіктінің облыс орталығында жасалған тағы да алты қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Оған байланысты айғақ хаттар тәркіленді. 

«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары