09.11.2019, 21:35

Оңтүстік Кореяда Денис Тенге арналған көрме ашылды

Фото: aikyn.kz
Денистің есімін екі ел де ұмытпақ емес

Сеулде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының құрметіне көрме ашылды.

Көрмеге спортшының сирек фотосуреттері мен жеке заттары қойылды. Көпшілік назарына спортшының шығармашылық туындылары ұсынылған, деп хабарлайды aikyn.kz басылымы 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев: «Спорт арқылы, өзінің спорттық жетістіктері арқылы ол Қазақстанды әлемнің басқа елдерімен, оның ішінде, әсіресе Корея Республикасымен біріктірді», - деді.