$ 447.4  477.55  4.76

Университетте мұғалімнің сөмкесінен әйелдің кесілген қолдары табылды

Университет әкімшілігі бұл хабарды естіп есеңгіреп қалғанын мәлімдеді. Жоғары оқу орны марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Фото: alashainasy.kz
Фото: alashainasy.kz

Ресейде университет доцентінің рюкзагынан әйелдің кесілген қолдары табылған. Ер адамды бірден қамауға алды. Бұған дейін тергеу органдары ер адамды Мойка өзенінен шығарып алғаннан кейін, қылмыстық іс қозғаған болатын. Оның сөмкесінен әйелдің кесілген қолдары мен травматикалық тапанша табылған, деп хабарлайды alashainasy.kz басылымы РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Қазір ер адам күдікті ретінде ұсталды. Оны қамауға алу және айып тағу мәселесі шешіліп жатыр", - деп мәлімдеді Санкт-Петербургтің тергеу басқармасынан.

"Фонтанка" интернет басылымының ақпаратынша, күдікті Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Олег Соколов болуы мүмкін. Газеттің мәліметіне сүйенсек, оқытушының пәтерін тінту барысында "әйелдің денесі, басы мен қанға боялған ара" табылды.

Университет әкімшілігі бұл хабарды естіп есеңгіреп қалғанын мәлімдеді. Жоғары оқу орны марқұмның жақындарына көңіл айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлген әйел доценттің бұрынғы оқушысы Анастасия Ещенко болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауыр қылмыс