$ 447.4  477.55  4.76

«Нұр-Сұлтандағы түнгі клубтардың бірінен өрт шықты»: 17 қызметкер мен 5 арнайы техника жұмылдырылған

Оқыс оқиға кезінде түнгі сауық мекемесінен 8 адамды құтқарылды. Екі адамға жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Фото: yaplakal.com
Фото: yaplakal.com

Елордада «Good bar» түнгі сауық мекемесінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 қарашада түнде сағат 00:20-де «101» қызметінің пультіне Бейімбет Майлин көшесіндегі «Good bar» түнгі клубында өрт шыққаны жөнінде қоңырау шалынған. Сол жерге 00.26-да алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімшесі ғимараттың екінші қабатында электр желісі жанып жатқанын анықтады», делінген хабарламада.

Құтқарушылар нысандағы адамдарды эвакуациялауға, жалынды сөндіруге кірісті. Нәтижесінде 0,5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

Оқыс оқиға кезінде түнгі сауық мекемесінен 8 адамды құтқарылды. Екі адамға жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олардың ауруханаға баруының қажеттілігі болмады.

Полиция қызметкерлері ғимараттың қоршауға алды. Өртті сөндіруге астаналық ТЖД-ның 17 қызметкері мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары