$ 445.66  474.58  4.78

«Бұл өте сирек кездесетін құбылыс»: Финляндияда жұмыртқа іспетті мұздар пайда болуда

Мұздар жағалаудан жүз метр жерде жатыр. Оның ең кішкентайының көлемі тауықтың жұмыртқасындай. Ал үлкені доп секілді екен.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Финляндия аудандарының тұрғындары өте сирек кездесетін табиғи құбылыстың куәгері болды. Ботника шығанағында жұмыртқа іспеттес мұздар пайда болды, деп хабарлайды SkifNews Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Фотограф Ристо Маттила Финляндиядағы Хайуото аралының жағалауындағы бұл көріністі түсіріп алған.

Гляциологтар бұл өте сирек кездесетін табиғи құбылыс екенін айтуда. Ристо Маттила BBC арнасына бұрын-соңды мұндай кадр жасамағаны туралы жеткізді. 

«Марьянием жағалауына әйеліммен демалуға келгенмін. Күн жылы еді. Ауа райы бір градус цельсииді көрсетіп тұрған. Бір кезде біз мынадай таңғажайыпты көрдік. Әр жерде шашылып жатқан жұмыртқа іспеттес мұздарды көрдік», - дейді фотограф.

Оның айтуынша, мұздар жағалаудан жүз метр жерде жатыр. Оның ең кішкентайының көлемі тауықтың жұмыртқасындай. Ал үлкені доп секілді екен. 
«Әрбір толқын болған сайын олардың бетін су сипап өтеді. Шарлардың көлемі содан ұлғая түседі. Нәтижесінде жағажайда тегіс шарлар пайда болады», - дейді BBC арнасының қызметкері Джордж Гудфеллоу.

2016 жылы Ныда ауылының тұрғындары да осы іспетті жағдайдың куәгері болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары