Жаңалықтар 10.11.2019 сағат 05:15

Шымкентте дәрігерлер 26 күндік сәбиді өлім аузынан алып қалды

Анасының сөзінше, ол 26 күндік сәбиіне аскөк суын беріпті. Аскөк суын іше алмаған сәбиі бірден шашалып, бет аузы көгере бастаған.
Шымкентте дәрігерлер 26 күндік сәбиді өлім аузынан алып қалды
Фото: murmansk.kp.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкент дәрігерлері 26 күндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Оқиға 27-қазан күні болған. Жергілікті тұрғындардың бірі жедел жәрдемге қоңырау шалып, көмек сұраған. Жедел жәрдем қызметкерлері тоғыз минутта жетіп келген, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы kz.otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы сәбидің тыныс алмай жатқанын көреді. Сәбидің тірі екенінің белгілері байқалмаған. Дәрігерлер бірден реанимациялық шараларды жасауға кірісіп, баланың өкпесін судан тазартып, жасанды тыныс алдыру әрекетін жасайды. Арада 3 минут өткеннен кейін сәбидің жүрек соғысы пайда болып, тынысы қалпына келген.

Анасының сөзінше, ол 26 күндік сәбиіне аскөк суын беріпті. Аскөк суын іше алмаған сәбиі бірден шашалып, бет аузы көгере бастаған. Баласының жағдайын көрген анасы бірден 103-ге хабарласқан. Жүрек соғысы тоқтап қалған сәбиге шұғыл реанимациялық көмек көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы аман алып қалды.

Артынша 103-қызметкерлері сәбиді анасымен бірге қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізген. Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі уақытта шақалақтың жағдайы жақсы. Бір екі күннен соң дәрігерлер сәби мен анасын үйіне

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар