$ 444.22  476.38  4.82

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Әлімханұлы үшін бұл – кәсіпқой бокстағы сегізінші кездесуі әрі сегізінші жеңісі. Ол төрт рет мерзімінен бұрын жеңген.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен өткен жекпе-жекте WBC Continental Americas және WBO Global тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласындағы Chukchansi Park аренасында өтті. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. Алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, артынша нокаутқа түсірді.

Әлімханұлы үшін бұл – кәсіпқой бокстағы сегізінші кездесуі әрі сегізінші жеңісі. Ол төрт рет мерзімінен бұрын жеңген. 24 кездесу өткізген канадалық үш рет жеңілген, бір рет тең түскен.

Әлімханұлы 2016 жылдан бері кәсіпқой бокста жұдырықтасып келеді, бұрындары ол әуесқой бокста жүрді. 2018 жылы қыркүйекте ол АҚШ-та жұдырықтаса бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары