$ 444.32  473.33  4.76

Тағы бір қазақ боксшы қарсыласын үш рет қатарынан нокдаунға түсірді (ВИДЕО)

Әшкеев үшін бұл – 14-ші кездесудегі 14-ші жеңіс.
фото: prosports.kz
фото: prosports.kz

Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық Родольфо Мартинеспен (43-9-3, 16 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қос боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Гавайан Гарденс қаласында 10 қарашада таңғы уақытта бірінші орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласты. Жекпе-жек барысында Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді, сосын алтыншы раундта аргентиналық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.

Әшкеев үшін бұл – 14-ші кездесудегі 14-ші жеңіс. Мартинес болса, спорттық мансабында тоғызыншы рет жеңіліс тапты, ол осыған дейін 43 кездесу өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#нокаут #бокс