$ 446.49  475.38  4.79

348 дана киік мүйізін шекарадан алып өтпек болған азамат қолға түсті

Алдын ала болжамды бағасы - 439 350 000 теңгені құрайды.

2019 жылғы 10 қарашада Орал шекара жасағының «Сырым автомобильдік» шекаралық бақылау пунктінде Орал-Самара бағыты бойынша Қазақстаннан Ресейге «Крайслер» автомашинасымен кетіп бара жатқан қазақстандық азамат ұсталды. Бұл туралы Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, дейді egemen.kz.

«Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жасыл және көк түсті екі жол сөмкесіне салынған жалпы салмағы 120 кг жаңа кесілген 348 дана киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 439 350 000 теңгені құрайды. Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ, қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабымен қарастырылады» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#киік