$ 494.87  520.65  4.91

Полициясының экс-басшысы соққының астында қалғаны рас па? (ВИДЕО)

Ресейлік сайттардың бірі видеодағы адамның Шешенстан полициясының экс-басшысы Аюб Катаев екенін хабарлап, оның соққыға жығылғанын айтқан.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі «Шешенстан полициясының бұрынғы басшысы Қазақстанда соққыға жығылды» деген ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осыған дейін әлеуметтік желіде видео тараған. Ресейлік сайттардың бірі видеодағы адамның Шешенстан полициясының экс-басшысы Аюб Катаев екенін хабарлап, оның соққыға жығылғанын айтқан.

Астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекованың айтуынша, ресейлік портал таратқан мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұзақылық әрекет 4 қараша күні болғанын хабарлайды. Елордалық дәмханалардың біріндегі төбелес бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Тіркелген фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - дейді ол.

Оған қоса, София Қылышбекова болған жағдайды түсіндірді.

«Полиция 33 жастағы ер адамның 41 жастағы жергілікті тұрғынмен сөзге келіп, оны бетінен ұрып жібергенін анықтады. Екеуі де Қазақстан азаматтары. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған», - дейді баспасөз жетекшісі.

Сонымен қатар, ол полицейлер оқиғаға қатысы бар тағы бір адамды іздеп жатқанын атап өтті.

«Шұғыл-іздестіру шарасы жүріп жатыр. Бұзақылық әрекет барысында оның қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Оның әрекетіне құқықтық баға ұсталған соң беріледі», - деді София Қылышбекова.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары