$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте бірден 26 полицей сотталды

Барлығы 38 адам сотталды. Оның 26-сы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан бөлімінің қызметкерлері, қалған 12-сі қылмыстық істегі "делдалдар" екені хабарланды.
Фото: mangystaumedia.kz
Фото: mangystaumedia.kz

11 қарашада Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті (қазіргі Түркістан облыстық полиция департаменті - ред.) әкімшілік полициясының бұрынғы қызметкерлерінің үстінен өткен сот процесі аяқталып, үкім шықты, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Барлығы 38 адам сотталды. Оның 26-сы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан бөлімінің қызметкерлері, қалған 12-сі қылмыстық істегі "делдалдар" екені хабарланды. Оларды 2016 жылы арнайы операция кезінде қамауға алған.

Үкімді тыңдауға айыпталушы 38 адамнан бөлек олардың туыстары мен адвокаттары қатысты. Сот залына сыймағандар сыртта тұрды. Үкімді судья Әбсаттар Шайхиддинов Шымкент қалалық полиция департаментінің көші-қон басқармасының арнайы залында үш сағат оқыды.

Сот Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан бөлімінің бұрынғы басшысы Артық Жаппаровты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше аудандық полиция басқармасы тіркеу-емтихан бөлімінің басшыларының әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың 23-і шартты жазаға тартылып, сот залынан бостандыққа шықты.

Сотталғандарға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Оның ішінде "пара алу", "пара беру", "пара алуға делдал болу", "қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру", "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету", "лауазымды тұлғаның өкілетін иемдену", "кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу", "жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бабы бар. Сонымен қатар, "Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелген 353 автомобильді заңсыз тіркеу арқылы мемлекетке 2,7 млрд теңге зиян келтірді" деген айып тағылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары