12.11.2019, 01:52

Борамбаев Қарулы күштер Бас штаб бастығының орынбасары боп тағайындалды

Ол бұған дейін ҚР ҚК Әскери-теңіз басқолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары болып ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы 1-дәрежелі капитан Серік Жақсығалиұлы Борамбаев тағайындалды, деп хабарлайды SN.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Жақсығалиұлы Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесінің,ҚР РФ Әскери университетінің, ҚР РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстардың түлегі.  

Серік Бурамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әр түрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР ҚК Әскери-теңіз басқолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.