$ 494.87  520.65  4.91

Тауық етін жеген ер адам сал болып қалды

39 жастағы Ричард Джексон жеткіліксіз дайындалған тауық етін жеп, уланып қалды.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Ұлыбританияның Шығыс Суссекс патшалығы, Брайтон қаласының  тұрғыны нашар дайындалған тауық етін жеп, сал болып қалды. 

39 жастағы Ричард Джексон жеткіліксіз дайындалған тауық етін жеп, уланып қалды. Ер адамды шұғыл ауруханаға жеткізді. 

Дәрігерлер оған не болғанын бірден түсіне алмапты. Алайда тез арада көмек көрсеткен. Джексон жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер науқасты он күнге жасанды комаға түсірді. Уланудың мұндай салдары өте сирек кездеседі екен. Науқастың иммундық жүйесі жұлынын зақымдаған. Ол мойнынан төмен сал болып қалды. 

Ер адам комадан шыққан кезде аяқ-қолын қозғалта алмаған. Ауруханадан кейін екі ай бойы оңалту орталығында болды. Ол жерде отыруды, тамақтануды, нақты сөйлеуді, мүгедектер арбасын өз бетінше ауыстыруды, тістерін щеткамен және көлікке отыруды үйретті. Ол роботталған костюмімен жүреді, оны ми толқындарымен басқарады. Джексон қазір оңалту орталығында емделу ақысын төлеу үшін ақша жинауда.

Дереккөз: ktk.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары