24.12.2015, 06:07

Доллар арзандай бастады

Осымен төртінші күн қатарынан теңге күшейіп, доллар арзандай бастады. Бұған дейін теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы 350 көрсеткішінен асып түскен болатын.

Ал, бүгін  KASE қор биржасы таңертеңгілік сессиясының қорытындысында 1 доллар 325,8 теңгеге тұрақтады. Сауданың ашылуында 329 теңгеге пара-пар болған америкалық валюта сауда соңына қарай арзандай түсіп, минималды көрсеткіші 322,3 теңгені құрады. Сессияға қатысқан 17 тұлға барлығы 196,2 миллион долларды сатып алған.

Айта кетейік, теңгенің күшеюі 21 желтоқсаннан басталды. Бұған дейін KASE қор биржасында ел тарихында бұрын-соңды болмаған антирекорд орнаған еді, яғни теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы құны 349,12-ні құрады. Ал, валюта айырбастау орындарында бұл көрсеткіш 351 теңгеге жеткен.