$ 494.87  520.65  4.91

«Махатхир Мохамад 92 жасында қайтып оралды»: Назарбаевтың таққа қайта отыратын ойы бар ма?

Ол өз еркімен билікті тастап кеткен әлемдік көшбасшылардың бірнешеуін мысалға келтірді. Бұл соншалықты таңғалатын жағдай емес.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі билік транзитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды baq.kz.

"Билік транзиті туралы мәселе соңғы кездері ең көп қойылатын сұрақ. Негізі менің  мандатым 2020 жылдың соңында аяқталады. Алайда, осындай шешім қабылдадым. Осындай танымалдығымның шыңына жеткен тұста президент қызметінен кетіп қалдым. 2015 жылғы сайлауда мен 96 % дауыс жинадым. Менің кеткенімді халықтың қаламағанын да жақсы білемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Ол өз еркімен билікті тастап кеткен әлемдік көшбасшылардың бірнешеуін мысалға келтірді.
"Бұл соншалықты таңғалатын жағдай емес. Шарль де Голль (Францияның бұрынғы президенті), Ли Куан Ю мырза да (Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі) өз еркімен отставкаға кеткендер қатарында. Тек Махатхир Мохамад (Малайзия премьер-министрі) 92  жасында қайтып оралды. Мен Кеңес Одағы кезінен бастап Қазақстанның басшылығында болдым. Әсіресе, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдар қиын жылдар болды", - деді елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО мен Еуропалық Одақ арасында диалогтың жоқтығына алаңдаушылығын білдірген болатын. Ол әлемдік державалар арасындағы бәсекелестіктің де жаңа деңгейге шыққанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары