$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл каллиграфия – әкемнің өз туындысы»: Құралай Нұрқаділова желіге ата-анасының шақыру билетін жариялады

«Үйде дәл осындай шақырулар болды және барлығы әкемнің өз қолымен толтырылды».
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Бүгін – опозиция серкелерінің бірі болған қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туған күні. Осыған орай, оның қызы, белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова инстаграм парақшасына әкесі туралы естелік жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіге әкесі мен анасының үйлену тойына шақыру қағазын салып: «Менің ата-анамның шақыру билетін дайректке жіберіпті. Үлкен рахмет! Естеріңізде болса, әкемнің каллиграфия шебері және суретші екендігін жиі айтатынмын. Дәл осы шақыру қағазындағы каллиграфия – әкемнің туындысы, өз қолымен жасап шыққан. Үйде дәл осындай шақырулар болды және барлығы әкемнің өз қолымен толтырылды», - деп жазды Құралай Нұрқаділова.

Бұл естелікке разы болған желі қолданушылар: «Қандай күшті естелік», «Құралай, әкеңіздің рухы пейіште шалқысын. Апамызға күш-қайрат тілеймін», «Красавчик болған екен ғой. Жатқан жері жәннаттан болсын», «Қандай әдемі жұп» дегендей жүрекжарды лебіздерін жазуда.

Айта кетсек, бұған дейін марқұмның екінші жары, әнші Мақпал Жүнісова да "Мәңгілік жүрегімдесің" атты видео жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары