$ 498.34  519.72  4.85

Ауғанстанда жарылыс боп, 7 адам қаза тапты

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насрат Рахимидің сөзінше, қаза тапқандар – қала тұрғындары.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

13 қазанда Ауғанстан астанасы Кабулде көлікке қойған бомба жарылып, жеті адам мерт болды. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жарылыс таңертеңгі қарбалас кезінде Касаба ауданында болған, деп жазады Азаттық.

Жарылысты ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы мен «Ислам мемлекеті» террористік тобы бар.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насрат Рахимидің сөзінше, қаза тапқандар – қала тұрғындары. Ел билігі мерт болғандар саны өсуі мүмкін деп қауіптенеді.

12 қарашада Ауғанстан билігі «Талибан» және «Хаккани тобымен» тұтқын алмасқанын хабарлаған. Билік тәліптердің үш өкілін, ал «Талибан» 2016 жылдан бері қамауда отырған Кабулдағы Америкалық университетінің екі ғалымын – АҚШ және Австралия азаматын босатқан. Кабул бостандыққа жібергендер арасында тәліптердің белгілі содырлары Хафиз Рашид Омари мен Хаджи Милли Хан, «Хаккани тобының» өкілі Сираджуддин Хаккани бар. Кейбір сарапшылар бұл қадам Ауғанстандағы жағдайды жақсартады деп үміттенеді.

«Талибан» мен «Хаккани тобы» тұтқын алмасуға қатысты мәлімдеме таратпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары