$ 494.87  520.65  4.91

Жануарлар орталығындағы мысық аңдарды босатып жіберіп отырған (ВИДЕО)

Орталықтың басшылары ең алғашында бұны істеп жүрген қызметкерлердің бірі деп ойлаған.

Квилти есімді мысықты жалғыз өзін бас жануарлардан бөлек қамаға тура келіпті. Себебі, ол басқа жануарлардың бостандыққа қашып кетуіне көмектесіп отырған, деп хабарлайды Stan.kz.

Орталықтың басшылары ең алғашында бұны істеп жүрген қызметкерлердің бірі деп ойлаған. Алайда, видео бақылау жазбасын көру арқылы кінәлі – мысық екендігі анықталған. Ол өздігінен торлардың есігін ашуды үйреніп алған көрінеді.  

Квилти бұл әдетін қоймапты. Сондықтан қызметкерлер оны бөлек торға қамауды жөн көрген. Әлеуметтік желі қолданушылары «мысық саяси қуғынға ұшырады» деп, оны босатуды талап етіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары