14.11.2019, 04:05

Қар, бұрқасын: 14 қарашада ауа райы қандай болады?

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел тұрып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

«Қазгидромет» РМК 14 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, солтүстік-батыстың кей жерлерінде жаңбыр және қар, солтүстікте және шығыста қар жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстік-шығыстың, солтүстіктің кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. 

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын болады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел тұрып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақтөбе облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Тегтер: Қазақстан