$ 494.87  520.65  4.91

Алматы метросының бұрынғы директоры 9 жылға сотталды

Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Үкшебаев 9 жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол жазасын жалпы режимдегі еолонияда өткізеді. Сондай-ақ, сот Үкшебаевтың 5 жылға дейін мемлекеттік қызметке араласпауына және "Құрмет" орденін мемлекетке қайтаруға үкім шығарды.

Ал, директордың бұрынғы орынбасары Ербол Қалдыбаев болса алдағы 8 жылын түрмеде өткізеді. Оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін айыпты мемлекеттік қызметке араласа алмайды. Осы іс бойынша тергелген үшінші айыпты "СредАзЭнергоСервис" ЖШС директоры Константин Антипов та 8 жылға сотталды. Ол да Қалдыбаев секілді 3 жылға мемлекеттік қызметтен аластатылып, осы күнге дейін жиған-терген мүлкі мемлекет есебіне аударылады. Үкімді Медеу аудандық сотының судьясы шығарды.

Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген 2,5 млрд теңге шығын айыпты үш тұлғадан өндірілетінін айтты. 8 миллион 343 мың теңге баж салығы да үшеуінен алынады. Ал, 59 684 теңге сараптама шығынын Үкшебаев пен Антипов төлесе, 24 230 теңгесін Қалдыбаев өтейді.Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Айта кетейік, Мұрат Үкшебаев пен оның сыбайластары мемлекеттің қазынасын талан-таражға салды деп айыпталған болатын. Олар өздері компания ашып алып, мекеме өткізетін тендерлік байқаулардың барлығын өздері жеңіп алып отырған. Осылайша, мемлекетке келтірілген шығын миллиардтап есептеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары