$ 494.87  520.65  4.91

Жас маман сынақ мерзімінсіз қызметке қабылдануы керек

Жоғары оқу орнын тәмамдап, алғаш рет жұмысқа орналасқалы тұрған жастар енді сынақ мерзімінсіз қызметке қабылдануы керек.

Жұмыс беруші онымен бірден 2 жылға келісімшарт жасауы тиіс. Бүгін еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Еңбек Кодексіндегі өзгертулер мен толықтырулар жайлы мәлімдеді. «Жаңа құжат жаңашылдыққа толы», - дейді мамандар. Мәселен келер жылдан бастап қызметкер еңбек шартын жасалғаннан кейін ғана жұмысқа шығуға міндеттеледі. Сонымен қатар әлемді жайлаған дағдарыс кезінде жұмыс берушілердің қызметкерлер санын қысқарту жайы да қарастырылған.

"Соңғы мәлімет 9 айдың қорытындысы бойынша 9500-ден астам тексерулер жүргізілген. Оның 80%-ы еңбек қатынастарына қатысты мәселелер. Еңбек заңдылығы бұзылғандығы жөнінде еңбек инспекторлары айыппұл салады. Осы 9 айдың қорытындысы бойынша 98 миллионға жуық айыппұл салынды. Олардың 86%-ы өндірілді",  дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары