Дәрігерлер таңқаларлық мәлімдеме жасады. Мамандардың айтуынша, 12 жасқа дейінгі балалар үшін аспирин дәрісін қабылдау өте қауіпті. Бұл туралы терапевт-дәрігер Ирина Ярцева хабарлады деп, runewslenta.com - ға сілтеме жасайды.
Вирустық инфекция мен ацетилсалицил қышқылының қосындысынан балада рэй синдромы дамып, бауыр зақымданады.
"Ешкімде балада мұндай жағдай болуы мүмкін деп күтпейді. Сондықтан олар бірден бауырды тексеруді білмейді", – дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, аспирин дәрісін қолдану өлімге әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ дәрігер аспиринді қабылдау – уытты әсерді күшейтеді деп мәлім етті.
Дереккөз: Qamshy.kz