Қазақстанда мектептегі оқу аптасын бескүндікке ауыстыру мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
«Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі бес күндік оқу аптасына көшу туралы мәселені расында да қарап жатыр. Егер ол үшін жазғы каникулды қысқарту қажет болса, онда ең көбі екі апта болуы мүмкін. Қазіргі таңда Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сарапшылары бұл мәселені зерттеп жатыр, олар есептеп, бес күндік оқу аптасына көшудің тиімділігі бойынша болжамды айтады», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров.
Оның айтуынша, бұл мәселені зерттегеннен кейін оң нәтиже шықса, білім берудің мемлекеттік стандартына өзгерістер енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бірінші сынып оқушыларын бес күндік оқу аптасына көшіру жоспарланған болатын.