$ 494.87  520.65  4.91

Тарбағатайда тағылардың шабуылы толастамай тұр

506 жылқы, 454 бас ірі қара мен 736 қойды қасқыр тартып кеткен. 2017 және 2018 жылдардағы жағдай да осыған ұқсас.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Тарбағатайлықтар талай жылдан бері түз тағысымен алысып келеді. Осы уақытқа дейін тұғындардың қаруы болса да, қасқыр атуға рұқсаты болмады. Сол себепті, ит-құс қораға жиі түсті. Мәселен, осы жылы екі мыңға жуық малды қасқыр тартып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс.

Мәселен, биыл осындай 1696 оқиға тіркелген екен. 506 жылқы, 454 бас ірі қара мен 736 қойды қасқыр тартып кеткен. 2017 және 2018 жылдардағы жағдай да осыған ұқсас. Бұл туралы Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.

Еске салайық, қазан айында аталмыш ауданға қарайтын Ахметбұлақ ауылында бір үйдің 70 бас қойын қасқыр қырып кеткендігін жазған едік. Осы оқиғадан кейін Тарбағатай әкімі облыс орталығында өткен брифингі барысында тұғындардың арыз-шағымдарын қанағаттандырарлық жаңалық айтты. – 

«Аудандағы прокуратура, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және шекара қызметкерлерімен келісімге келдік. Келісім бойынша, шекаралы ауылдардағы мылтығы бар 15 шақты адамға қасқыр атуға рұқсат берілді. Олардың ішінде Жаңаауыл ауылдық округіне қарайтын Жаңаталаптан 8, Ахметбұлақтан 2 қаруы бар адам рұқсат алды. Әлбетте, олар түз тағысын бейберекет ата бермейді. Өзіндік шарттары бар, оларға түсіндірілген. Мәселен, қасқыр шекарадан бері өткенде ғана қару кезену керек», – деген еді Серікқазы Сәдуақасов. 

Ал аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәлімдеуінше, Тұғыл ауылында тағы 10 аңшы қасқыр аулаға дайын екендіктерін айтқан. Алайда жоғары билік оларды жанармаймен немесе оқпен қамтамасыз етпейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары